Парсы Шығанағының үстінен алдағы үш жылда көлік пен поезд өтетін болады
(last modified Tue, 21 Jun 2016 02:29:35 GMT )
Маусым 21, 2016 08:29 Asia/Almaty
  • Парсы Шығанағының үстінен алдағы үш жылда көлік пен поезд өтетін болады

Кешм еркін аймағы ұйымының атқарушы директоры Хамид Реза Момени Парсы Шығанағының үлкен көпірінің алдағы үш жылда пайдалануға берілетінін хабарлап:

"Осы көпір кеңесулер жүргізіліп, 960 млн евро шетелдік инвестициямен қамтамасыз етілген соң аяқталады. Келісімшартқа қол қойылған соң инвестор таныстырылады. Парсы Шығанағы көпірін салу 230 млрд туман үкіметтік крдитпен 1389 жылы басталды. Қазір құрылыстың 17 пайыздан астамы салынды" деді.

Парсы Шығанағының үлкен көпірі Кешм аралын Бәндар Аббас маңындағы Хемир қаласының Пахл айлағынан негізгі жермен байланыстырады. Темір жол салу осы үлкен жобаның бір бөлігі болып табылады.

Кешм аралы Иранның екінші еркін сауда айлағы болып табылады. Оның жағалаулары кемелердің тоқтауы үшін қолайлы. Осы аралда 15 балық аулау мен сауда порты бар.