Теһранда уаһаби тәкфірлік лаңкестер құрықталды
https://itolqyn.com/news/iran-i9814-Теһранда_уаһаби_тәкфірлік_лаңкестер_құрықталды
Иранның астанасы Теһран мен басқа бірнеше облысында уаһаби тәкфірлік лаңкестердің құрықталуынан кейін елдің Қауіпсіздік министрі осы тұтқындауларға қатысты мәліметтердің бір бөлігін жариялады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 22, 2016 14:10 Asia/Almaty
  • Теһранда уаһаби тәкфірлік лаңкестер құрықталды

Иранның астанасы Теһран мен басқа бірнеше облысында уаһаби тәкфірлік лаңкестердің құрықталуынан кейін елдің Қауіпсіздік министрі осы тұтқындауларға қатысты мәліметтердің бір бөлігін жариялады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Сейед Махмуд Алави сейсенбі күні журналистердің алдында: «Лаңкестердің құрықталуы 14-ші маусымнан басталып, 20-шы маусымда бұл топқа соңғы соққы беріліп, Теһран мен Иранның үш шекаралық облысы мен орталық облысында 10 лаңкес құрықталды. Қазір оларға тергеу жүргізіліп, елдің іші мен сыртында қауіпсіздік шаралары қолдануда. Лаңкестер бомба жарылыстарын алыстан іске асыруды, өз-өздерін жарып жіберуді, жарғыш заттар тасымалдайтын көлікті жарып жіберуді, сонымен қатар жарылыстарды халық көп жиналатын орталықтарда іске асыруды көздеген. Алайда жоспарланған лаңкестік әрекеттер Қауіпсіздік министрлігінің қырағылығымен сәтсіздікке ұшырады»,- деді.

Алави осы кезге дейін 100 кг жарғыш заттардың табылып, тәркіленуіне сілтеме жасап: «Қауіпсіздік саласында жасалған әрекеттердің арқасында 2 тонна жарғыш заттың лаңкестердің қолына жетуіне тосқауыл қойылды»,- деп мәлімдеді.