Теһран жұма намазының құтпалары
Теһран жұма намазының құтпагері Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы қатыгездік шараларын адамзатқа қарсы және осы режим үшін ауыр салдарларға ие болады деп сипаттады.
Худжатул ислам уа ал-муслимин Казем Седиғи Теһран жұма намазының осы аптадағы құтпаларында Халифе әулеті режимінің Бахрейн халқына қарсы басып-жаншу шаралары мен қысымдарының өрістеуіне алаңдаушылық білдіріп, халықтың тек өздерінің заңды құқығына жетуді қалайтындықтарын, әрі оны бейбіт жолдар арқылы іздестіруде екендігін айтты.
Худжатул ислам Седиғи Сауд Арабиясы мен Бахрейнде басып- жаншу шараларының жалғасуы, ғұламаларды түрмеге қамау және діни қайраткерлерді азаматтықтан айыруға алаңдаушылық білдіріп: «Осы зұлым шаралар айыпталады, егер жалғасатын болса, Халифе әулеті мен Сауд әулеті режимдерінің күйреуіне соқтырады» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері сондай- ақ сионист раввиндердің палестиналықтардың ауыз суына у қосуды орынды деп санаған пәтуасын айыптап, бұл жабайылықты хазірет Мусаның тағылымдарына қатты кереғар деп атады. Худжатул ислам Седиғи сондай- ақ Сауд Арабиясын йемендік балаларды қыру жөніндегі БҰҰ-ның «қара тізімінен» алып тастауына сілтеме жасап: «Бұл әрекет БҰҰ- ның мәртебесіне орны толмас кесірін тигізді әрі осы халықаралық органның саяси және қаржылық алпауыттардың ықпалында екенін көрсетті» деді.
Теһран жұма намазының құтпагері БҰҰ- ның Йемендегі мүгедек, жаралы, жетім және ашқұрсақ балаларға қатысты үнсіздігін ақтауға болмайды деп мәлімдеп, осы ұйымның ахлақтық заңдылығына күмән туып отырғанын айтты.