Қазақстан зертханаларының қызметі тоқтатылды
Допингпен күрес әлемдік агенттігі (WADA) Қазақстан зертханалары қызметінің лицензиясының күшін жойды.
Олимпиада ойындарының басталуына 6 апта уақыт қалып отырған жағдайда допингпен күрес әлемдік агенттігі «Рио-де-Жанейро» зертханасын уақытша жауып, осы зертхана қызметінің лицензиясының күшін жойған соң бұл жолы ақпарат құралдары Қазақстандағы төрт зертхананың лицензиясының тиісті стандарттарды орындамауына байланысты допингпен күрес әлемдік агенттігі тарапынан күші жойылғанын хабарлады. Осы зертханалар нақтырақ сапамен жаңа критерийлерге жауап бере алмаған соң «WADA» олардың қызметін тоқтатуды ұйғарды.
Өткен бірнеше айда допингпен күрес әлемдік агенттігі бүкіл әлемдегі 35 беделді орталықтың іс- әрекетін қарастырып, Қытай, Испания, Оңтүстік Африка және Португалияда бірнеше зертхананың қызметін тоқтатты. «WADA» сондай- ақ Ресейдегі допинг масқарашылығынан кейін Мәскеу зертханасының да қызметін тоқтатты.