Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті бір лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды
(last modified Thu, 30 Jun 2016 16:14:02 GMT )
Маусым 30, 2016 22:14 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті бір лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды

Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Балқаш қаласында лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз кеңсесіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қарағанды облысының Балқаш қаласында жарылғыш затты пайдаланып, лаңкестік әрекет жасамақ болған әсірешіл бір топ құрықталып, залалсыздандырылған. Осы мәліметке сәйкес, жанкешті топтың мүшелерінің бірі ұсталған кезде өз-өзін жарып жіберген, бірақ мүшелердің қалғаны құрықталған. Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мәлімдемесінде әсірешіл топтың құрықталып, қару-жарақ пен жарылғыш заттар мен басқа да айғақтардың тәркіленіп, тергеудің басталғаны айтылған. Қазақстанда лаңкестік топтардың мүшелерінің ұсталуы мынадай жағдайда орын алып отыр: Қазақстанның Ақтөбе қаласында маусым айының бесі күні ұлттық гвардияның әскери бөлімшесі мен қару сататын дүкендерге жасалған лаңкестік шабуылдарда 23 адам қайтыс болды.