Ақтөбе шабуылына қатысты 9 күдікті қамауға алынды
Ақтөбе қаласының қауіпсіздік күштері сол қалада орын алған қарулы шабуылдарға қатысты 9 күдіктіні қамауға алды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ақтөбе облысы сотының баспасөз кеңсесі өз мәлімдемесінде осы хабарды растап: «Бұл адамдар маусым айында Ақтөбедегі қару-жарақ сататын екі дүкен мен әскери бөлімге жасалған қарулы шабуылға қатысты деген күдікпен қамауға алынды»,- деп мәлімдеді. Қамауға алынғандардың жасы 16-29 аралығында деп хабарланып, қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.
5-ші маусымда Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ сататын дүкендер мен ұлттық «Ұлан» гвардиясының әскери бөліміне жасалған шабуылдардың салдарынан 23 адам қаза болды. Қазақстан басшылары осы уақытқа дейін Ақтөбе шабуылына қатысқандарды толық анықтамағанымен оларды экстремистер деп атады.