ДАИШ тобын насихаттаушы қазақстандық 6,5 жыл түрмеге кесілді
(last modified Tue, 05 Jul 2016 16:25:29 GMT )
Шіл 05, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • ДАИШ тобын насихаттаушы қазақстандық 6,5 жыл түрмеге кесілді

Қазақстандағы бір сот мекемесі осы елдің азаматтарын Сириядағы қақтығыстарға қатысу үшін қызметке алумен айналысқан ДАИШ тобының бір насихатшысын 6,5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматы қаласының сот мекемесі осы елдің азаматтарын Сириядағы қақтығыстарға қатысу үшін қызметке алумен айналысқан ДАИШ тобын насихаттаушы «Әбужихад» есімді кісінің мал- мүлкін тәркілеуге және оны 6,5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Алматы қаласы прокурорының баспасөз бюросының мәлімдеуінше, «Әбужихад» деген лақап атқа ие бұл адам әсірешіл ағымдардың демеушілерінің бірі болған. Ол 2013 жылы қыркүйек айының аяқ шенінде Сириядағы қақтығыстарға қатысқан.

Осы мәлімет бойынша, Әбужихад 2013 жылы қыркүйек пен қазан айларында «Әбудавуд» соғыскерлері тобына (Сириядағы қазақстандық бір ұйым) қосылып, белсенді түрде ДАИШ тобының Сирияның үкіметтік күштеріне қарсы қақтығыстарына қатысқан.

Ол 2013 жылы қазан айының аяқ шенінде осы елдің азаматтарын соғысқа тарту және Сириядағы қақтығыстарға қатысу үшін өз мал- мүлкін сату мақсатында Қазақстанға оралды. Әбужихад 2015 жылы Батыс Қазақстан облысында экстремистік әрекеттері мен осы елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты құрықталды.