Қазақстан экономикалық тоқыраудан шықты
Қазақстан Премьер-министрі статистикалық мәлімет ұсынып, осы елдегі экономикалық дамудың артқанын хабарлады.
«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Кәрім Мәсімов дүйсенбі күні тілшілер алдында: «Соңғы 6 айдағы экономикалық даму көрсеткіштерін сараптау барысында елдегі даму мен экономиканың тоқыраудан шыққанын көруге болады.
Өткен 6 айдағы статистикалық есептер бойынша, Қазақстан биылғы жылдың мамыр айына дейін теріс дамудан бейтарап деңгейге жетіп, маусым айынан бастап экономикалық даму айтарлықтай артты»,-деді.
Қазақстанның Экономика министрі Қуандық Бишимбаев бұдан бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан экономикалық даму үшін жобаланған шараларды маңызды деп атап: «Қазақстан экономикасы жақын болашақта бейтарап деңгейге шығады» деп мәлімдеген болатын.
Қазіргі жағдайда Қазақстан үкіметі ұлттық экономиканы қолдау шараларын атқарып, соның ішінде шағын несие беру жүйесін жақсартуға, шағын және ірі бизнесті дамытып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге күш салуда.