Қазақстанда 156 имам қызметінен босатылды
Ақп 21, 2016 14:57 Asia/Almaty
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 156 имамды діни сауаттылық деңгейлері төмен болғандықтан қызметтен босатты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Серікбай қажы Ораз: "Имамдардың діни сауаттылық деңгейін тексеру үшін өткізілген Аттестаттау комиссиясының шешіміне сәйкес, 3032 адамның ішінен 233 имам аттестаттаудан өтпеді. 156 имам қызметінен босатылды" деді.