Қазақстанның қауіпсіздік күштері күшейтіледі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i11461-Қазақстанның_қауіпсіздік_күштері_күшейтіледі
Қазақстан Ішкі істер министрі елдегі лаңкестік оқиғалардың қайталануының алдын алу үшін қауіпсіздік және әскери күштердің күшейтілетінін мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 20, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанның қауіпсіздік күштері күшейтіледі

Қазақстан Ішкі істер министрі елдегі лаңкестік оқиғалардың қайталануының алдын алу үшін қауіпсіздік және әскери күштердің күшейтілетінін мәлімдеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов «КТК» телеарнасынан сөйлеген сөзінде: "Биылғы жылдың соңына дейін елдегі барлық полиция күштері мен қоғамдық тәртіп қайраткерлерін жаппай тазарту күтіп отыр. Жылдың соңына дейін осы министрліктің өкілдері елдің барлық аймақтарына сапар шегіп, полиция өкілдері мен Қазақстанның ұлттық ұланының жауынгерлік және психикалық дайындығын тексереді.

Қару қолдану арқылы бейбіт тұрғындарға немесе қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасайтын әсірешіл топтар мен азаматтарға қатаң қатынас көрсетілетін болады" деді.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов та осы бағдарламада: "Экстремистік және лаңкестік қылмыстар үшін жаза түрмеге қамау уақытын көбейту және қылмыскерлердің мал-мүлкін тәркілеу арқылы күшейтілетін болады" деді.

Осы мәлімет бойынша, Қазақстан үкіметі Алматыдағы лаңкестік оқиғадан кейін Астанада лаңкестікке қарсы отырыс өткізуді жоспарлап отыр. Осы отырыста барлық министрліктердің басшылары осындай диверсиялық қимылдардың қайталануының алдын алу үшін өз ұсыныстарын үкіметке ұсынады деп күтілуде.