Шіл 25, 2016 16:49 Asia/Almaty
  • Алматы қаласының ортасында қарулы шабуыл болды

Қазақстанның Алматы қаласында болған жарылыста кемінде екі адам қаза тапты.

Әзірбайжан Республикасының «Апта» сайтының хабарлауы бойынша, Қазақстанның ақпарат құралдары кеше, жексенбі күні Алматы қаласында болған жарылыста 2 адам қаза тауып, 3 адам жараланғанын хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, кеше таңертең бірнеше белгісіз адам дүкендерге қолдан жасалған бомба лақтырған.

Куәлердің айтуы бойынша, қарулы адамдар жарылыстан кейін іздерін суытып үлгерген. 

Қазақстанның Қауіпсіздік департаменті қаза болғандардың бірінің полиция қызметкері болғанын хабарлады.

Алматы қаласындағы жарылыс Қазақстанда жуырда болған лаңкестік әрекеттерден кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда орын алып отыр. Осы оқиғалар барысында Қазақстанның көптеген полиция қызметкерлері мен қарапайым азаматтары лаңкестік топтардың шабуылдарынан қаза тапқан болатын.   

Тегтер