Қазақстанның бірқатар интернет сайты лаңкестікті насихаттауларына байланысты жабылды
Қазақстанның ақпарат құралдары осы елде жүз интернет сайттың лаңкестікті насихаттауына байланысты жабылғанын хабарлады.
«РИА Новости» агенттігі сәрсенбі күні үгіт-насихаттық тақырыптар жариялап, Қазақстан халқын лаңкестік пен азғын топтарға бейімдеулеріне байланысты осы елде жүз интернет сайтының жабылғанын хабарлады.
Қазақстан прокуратурасының қоғамдық қатынастар бөлімі де Қазақстан азаматтарының осы елдің сот мекемелеріне шағымдануы бойынша үкімет лаңкестікті насихаттайтын сайттардың рұқсат қағазының күшін жойғанын мәлімдеді.
Қазақстан прокуратурасының мәліметі бойынша осындай сайттар әсірешілдік және жастарды қатыгез шараларға тарту мақсатында ашылған.
Таяуда Қазақстанда бірнеше лаңкестік шабуыл жасалған соң осы сайттар жабылып жатыр.