Қазақстанда Гүленге қарасты оқу орындары жұмыстарын жалғастырады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i11992-Қазақстанда_Гүленге_қарасты_оқу_орындары_жұмыстарын_жалғастырады
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Түркия СІМ-нің Қазақстанда «Хизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гүленге қарасты оқу орындарының жұмысына тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 31, 2016 15:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Гүленге қарасты оқу орындары жұмыстарын жалғастырады

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі Түркия СІМ-нің Қазақстанда «Хизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гүленге қарасты оқу орындарының жұмысына тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі сенбі күні мәлімдеме жасап: «KATEV» деп аталатын қазақ-түрік лицейлері сияқты Қазақстандағы оқу орындарының жұмысы бұрынғыдай жалғаса береді.   

«KATEV» лицейлерінің білім беру көрсеткіші өте жоғары. Тек соңғы 3 жыл ішінде осы лицейлердің оқушылары әртүрлі елдерде өткен халықаралық жарыстарда 6 мыңнан астам жүлдеге ие болды»,-деп қуаттады.

Бұл мәлімдеме Түркия Сыртқы істер министрінің жуырда Орта Азия елдеріне  осы елдерде Фетхуллах Гүленге қарасты ұйымдар тарапынан төңкеріс болу ықтималдығы жайында ескерту жасап, осы тұлғаға қарасты оқу орындарына қатысты тиісті шара қолдануын сұраған жағдайда жарияланып отыр.