Қазақстанда 26 000 сайт пен интернеттік сілтемелер бұғатталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i12310-Қазақстанда_26_000_сайт_пен_интернеттік_сілтемелер_бұғатталды
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов Астана қаласында өткен бір хабар брифингінде:
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Там 05, 2016 00:59 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 26 000 сайт пен интернеттік сілтемелер бұғатталды

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз хатшысы Арсен Бектасов Астана қаласында өткен бір хабар брифингінде:

«Биылғы жылдың басынан 26266 сайт пен интернеттік сілтемелер елдің тиісті органы тарапынан бұғатталды. Осы жалпы саннан 2384 сайт экстремизмді жарнамалаумен, 21 690 сайт порнографияны, ұлтаралық алауыздықты, қатігездік пен суицид және тағы да басқа әрекеттерді жарнамалаумен айналысқан. Интернет көздерін жабу елдің заңдарын бұзумен байланысты. Кейбір сайттар өздерінің мәселелерін шешуі үшін уақытша жабылса, келесі біреулері мүлдем жабылады» деді.  

Қазақстандық басшылар таяуда осы елде экстремизмнің таралуына тосқауыл қою үшін жасөспірімдер мен оқушылардың интернетке қолжетімділігін шектеу немесе толығымен жабуды ұсынған болатын.