Қазақстанда шілде айында болған лаңкестік шабуылда өлтірілгендердің саны ұлғайды
Там 11, 2016 19:35 Asia/Almaty
Тағы бір полиция қызметкерінің ауруханада көз жұмуымен Қазақстанның оңтүстігінде 18- ші шілдедегі атыс оқиғасында қаза болғандардың саны 9 адамға жетті.
Руслан Кулекбаев атты бір қарулы адам 18- ші шілдеде Алматының оңтүстігінде полиция офицерлеріне шабуыл жасап, 6 адамды өлтірді. Сол шабуылда 6 полиция офицері мен екі әскери емес адам да жараланды. Қазақстан ІІМ бейсенбі күнгі мәлімдемесінде жараланған полиция офицерлерінің бірінің ауруханада көз жұмғанын мәлімдеді. Өткен аптада да тағы екі жаралы полиция қызметкері ауруханада көз жұмған болатын.
Тегтер