Қазақстанда лаңкестікке қарсы қимылдар жасалды
Қазақстанда қарулы шабуылдарға қатысы болды деген күдікпен 8 азамат құрықталды.
«APA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «РИА Новости» жұма күні Қазақстанның қауіпсіздік күштері Қарағанды облысында лаңкестікке қарсы ауқымды іс- қимылдар жүргізіп, 8 адамды құрықтады деп мәлімдеген.
Осы елдің қауіпсіздік күштері ұсталған кісілердің үстінен тергеу жүргізіп жатыр.
Ұсталғандарға маусым айында осы облыстағы қару сататын дүкенге жасалған қарулы шабуылдарға қатысы болды деген айып тағылып отыр.
5- ші маусымда Ақтөбе қаласындағы ұлттық ұланның бір әскери бөлімшесі мен бірнеше қару сататын дүкенге жасалған шабуыл салдарынан 23 адам қаза болды.
Қазақстан қайраткерлері Ақтөбе қаласында шабуыл ұйымдастырғандарды әлі анықтаған жоқ, алайда осы әрекетті әсірешілдер жасады деп отыр.