Қазақстанда 3 экстремистік топ жойылып, олардың 21 мүшесі құрықталды
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті сәрсенбі күні: «Орта Азияның осы мұсылман елінде лаңкестік әрекет жасауды көздеген 3 экстремистік топтың 21 мүшесі құрықталды»,-деп хабарлады.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз мәлімдемесінде ағымдағы жылдың 29-30 тамызында елдің батыс өңірінде 3 экстремистік топтың жұмысын тоқтатқанын хабарлады. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдемесі бойынша, осы топтардың жалпы 21 мүшесі қауіпсіздік күштері тарапынан қамауға алынды. Бұл адамдар қоғамдық орындарда лаңкестік әрекеттер жасауды және полиция қызметкерлеріне шабуыл жасауды көздеді деп айыпталып отыр.
Қазақстанның қауіпсіздік күштері елдің батысындағы Ақтөбе облысының бір ауданында жүргізген амалында біршама қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен экстремистік мазмұндағы аудиофайлдарды анықтады. Құрықталғандарға тағылған келесі айып – лаңкестік топқа мүшелік және лаңкестікті қолдау.
Ағымдағы жылдың шілде айында Қазақстанның ең үлкен қаласы Алматыдағы бір полиция бөлімшесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты нысанаға алынған бірнеше лаңкестік шабуыл барысында 6 адам қаза тапқан болатын.
Ағымдағы жылдың маусым айының басында Ақтөбеде болған басқа бір шабуыл барысында 7 адам қаза тапты. 17 басқыншы осы қатігездіктер мен қуалау амалдары барысында өлтірілді.