Лаңкестер елдер арасындағы қайшылықтарды теріс пайдалануда
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i13825-Лаңкестер_елдер_арасындағы_қайшылықтарды_теріс_пайдалануда
Қазақстан Президенті лаңкестердің елдер арасындағы қайшылықтарды теріс пайдаланып жатқанын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 01, 2016 19:59 Asia/Almaty
  • Лаңкестер елдер арасындағы қайшылықтарды теріс пайдалануда

Қазақстан Президенті лаңкестердің елдер арасындағы қайшылықтарды теріс пайдаланып жатқанын айтты.

Әзірбайжанның «Ислам» сайтының хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, бейсенбі күні әлемнің әртүрлі елдерінде лаңкестік әрекеттердің болып жатқанына тоқталып: «Лаңкестер елдер арасындағы қайшылықтарды теріс пайдалану арқылы өз әрекеттерін жоспарлап, бейберекеттік тудыруда. Елдер арасында қайшылықтар мен наразылықтардың көбеюі, экономикалық санкциялар, өзара қоқан-лоққылар, қару-жарақ сатып алуда бәсекелесу экстремизм және терроризммен күресті әлсіретіп, саяси тұрақтылыққа еш көмектеспейді»,-деді.

Назарбаев, сондай-ақ, Қазақстанның да терроризм қаупінен аман қалмағанын айтып: «Бүгінде ядролық қарулармен адамзатты қырып-жою өзекті тақырыптардың біріне айналды»,-деп қуаттады.