Қазақстан Президентінің елдегі лаңкестік туралы сөзі
(last modified Fri, 02 Sep 2016 12:25:11 GMT )
Қыр 02, 2016 18:25 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президентінің елдегі лаңкестік туралы сөзі

Лаңкестік қаупі Қазақстан үшін де өзекті мәселе болып отыр.

1-ші қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестік қаупінің Қазақстан үшін де өзекті мәселе болып отырғанын мәлімдеп: «Ешбір мемлекет лаңкестік шабуылынан қауіпсіз емес. Қазақстан осы кезде лаңкестік пен  экстремизмнің шынайы қатерімен бетпе-бет келіп отыр» деді. Ол осыдан бірнеше ай бұрын Ақтөбе мен Алматыда орын алған және Ұлттық гвардия офицерлері, полиция қызметкері мен бейкүнә адамардың өліміне себеп болған лаңкестік әрекеттерге тоқталды.

Қазақстан Президенті лаңкестік пен экстремизмге қарсы күресу туралы Парламентке ұсынған өзінің 7 баптық  ұсыныс жобасына тоқталып, бұл ұстанымның Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғау үшін маңыздылығын қуаттады.

Бұдан бұрын Қазақстан Президенті өз елінің  басшыларына  лаңкестік пен экстремизмге қарсы әрекеттерді күшейтуді бұйырған болатын. Ол сондай-ақ, осы салада ел басшыларынан екі айдың ішінде лаңкестік пен экстремизмге, есірткі контрабандасы, қару-жарақ сақтау мен сатуға қарсы заңдарды дайындауды  талап етті. Назарбаев бұл ел азаматтарының лаңкестік және экстремистік топтарға қосылуын Қазақстанға сатқындық жасау деп атап, елдің тәуелсіздігін сақтау үшін оларға қарсы қатаң шара қолдану қажеттілігін баса айтты. Бұл шешім Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеме жариялап, 5-ші маусымда Ақтөбеде орын алған қарулы шабуылдарды іске асырушылардың қамауға алынуы туралы жариялағын соң шығарылды.

Лаңкестік мәселесі Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігі, экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылығын дағдарысқа тіреуімен бірге бұл мәселе іс жүзінде шетелдік үкіметтердің аймақ елдері басшыларының саяси-қауіпсіздік шешімдеріне әсер ету үшін сылтау болды.

18-ші тамызда АҚШ Мемлекеттік хатшысының қауіпсіздік, демократия және адам құқығы мәселелері жөніндегі орынбасары Сара Сьюэлл лаңкестікпен күресу саласындағы АҚШ пен Қазақстанның ынтымақтастығының маңыздылығын қуаттады. Аймақ пен трансаймақтық елдердің лаңкестік пен экстремистік топтарды Орталық Азия мен Кавказ республикаларының сыртқы саясатына қатысты шешімдерге әсер ету  құрал ретінде  пайдаланатындығына назар аударсақ, кейбір лаңкестік топтардың  бұл үкіметтерге қатыстылығын көреміз.

Аймақ мемлекеттері  Қазақстанда 1-ші маусымда өткен «Діндер терроризмге қарсы» сынды халықаралық конференциялар өткізіп, қатысқандарымен Орталық Азия елдерінің қауіпсіздік негіздері бөгделердің араласуы үшін мұрсат тудырады. Аймақ үкіметтері ұқсас жиындар өткізіп, лаңкестік пен экстремизм  құбылысына әлемнің көкейтесті  проблемасы ретінде назар аудартқандарына риза. Шын мәнінде  олар ішкі саясаттың әлсіздігі мен өздерінің  Батыс үкіметтерінің жан-жақты даму нұсқаларын пайдалануының бұл елдердің қоғамдарында лаңкестік топтарға қосылу ықыласының артуына себеп болатындығынан бейқам қалып отыр.