Қазақстанда бір лаңкестік топтың мүшелері құрықталды
(last modified Tue, 06 Sep 2016 16:25:01 GMT )
Қыр 06, 2016 22:25 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бір лаңкестік топтың мүшелері құрықталды

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ақпарат хатшысы тәкфиршіл лаңкестік топ мүшелерінің лаңкестік шабуылдар жасау мақсатында бір ұшақты ұрлауға талпыныс жасады деген айыппен құрықталғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сәкен Мыңбаев сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Бұл лаңкестік топ Қазақстан жерінде бір ұшақты ұрлап, 11 қыркүйекке ұқсас шабуыл жасауды жоспарлаған. Бұл топ, сондай-ақ, Қазақстанның шекаралық әскери бөлімшелері мен Қорғаныс министрлігіне шабуыл жасап, қауіпсіздік және дін салаларындағы жоғары лауазымды қайраткерлерді өлтіруді көздеген. Олардың біреуі – Қырғызстан азаматы, ал екеуі – қазақ»,-деді.  

Қазақстанның Ақтөбе мен Алматы қалаларында соңғы айларда бірнеше лаңкестік шабуыл орын алды.