Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жүз елу алты имамды қызметтен босатты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізген сынақ пен емтихан нәтижесі бойынша, елдің үш мыңнан астам имамдарының ішінен жүз елу алты имамды діни сауаттылық деңгейлері төмен болғандықтан қызметтен босатып, екі жүз отыз үш имамды діни сабақтарды қайта оқу курсына қатысуға міндеттеді.
Жергілікті баспасөз құралдарының мәліметі бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары Серікбай қажы Ораз: «Үш мыңнан астам имамның діни сауаттылығын тексерген сынақтың нәтижесі бойынша олардың ішіндегі екі жүз отыз үшінің діни сауатының төмендігі анықталып, оларға оқу қайта оқыту курстары жүргізілетін болды. Жүз елу алты имам қызметінен босатылды»,- деді.
Қазақстан ақпарат құралдары сынақ кезінде имамдардың Құранды дұрыс оқу тәсілі, тарих саласындағы білімдері, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның өмірбаяны мен діни заңдар мен шариғатты білуі және басқа да осы салаға қатысты мәселелерден хабардар болуы тексерілгені туралы хабарлады.