Қазақстан Президентінің қызы үкіметтік лауазымнан босатылды
Қыр 14, 2016 15:30 Asia/Almaty
Қазақстан Президентінің қызы премьер-министр орынбасары міндетінен босатылды.
ИСНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары міндетінен босатылды.
Қазақстан Президенті бұл елдің бұрынғы Премьер-министрі Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы етіп тағайындаған соң Бақытжан Сағынтаевты жаңа Премьер-министр лауазымына тағайындады. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Асқар Маминды Премьер-министрдің бірінші орынбасары міндетіне бекітті. 2015-ші жылдан бері бұл міндетті Дариға Назарбаева атқарған болатын.
Тегтер