Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i14590-Қазақстанда_Дін_істері_және_азаматтық_қоғам_министрлігі_құрылды
Қазақстан президентінің Жарлығымен осы елдің үкіметтік басқару жүйесін заманауиландырып, нығайту мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 15, 2016 10:34 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды

Қазақстан президентінің Жарлығымен осы елдің үкіметтік басқару жүйесін заманауиландырып, нығайту мақсатында Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды.

«Фарс» хабар агенттігінің Қазақстан президентінің ақпарат торабына сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтік басқарушылықты заманауиландырып, нығайту масқатында осы елде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құру туралы Жарлық шығарған. Осы мәліметке сәйкес, жаңа министрлікке елдің Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір міндеттері, соның ішінде діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау және  азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету міндеті жүктелген. Сонымен қатар үкімет пен азаматтық, саяси қоғамның жастармен серіктестік жасау негіздері де әзірленеді деп мақсат етілген. Қазақстанда жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы болып Нұрлан Ермекбаев тағайындалды. Ол бұдан бұрын Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болған.