Қазақстанда Иран тауарларының мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i15586-Қазақстанда_Иран_тауарларының_мамандандырылған_көрмесі_өз_жұмысын_бастады
Иран тауарларының ең үлкен көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өз жұмысын бастады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 04, 2016 20:06 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Иран тауарларының мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастады

Иран тауарларының ең үлкен көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында өз жұмысын бастады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін сейсенбі күні Оңтүстік Қазақстан  облысының орталығы Шымкент қаласында ашылған Иран тауарларының көрмесінде 53 фирма құрылыс өнеркәсібі, тоқыма, тамақ өнімдері, мұнай мен газ, медициналық жабдықтар, киім- кешек және былғары негізінде өз өнімдерін жұрт назарына ұсынды.

Сондай- ақ қарсыласу экономикасы мен тауар экспорттау шеңберінде Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Разави облысынан 14 экономикалық бірлестік пен кеңсе инвестиция салу және экономикалық бірлескен ынтымақтастық үшін Оңтүстік Қазақстан  облысының орталығы Шымкент қаласындағы Иран тауарларының көрмесіне қатысып отыр.

Иран мен Қазақстанның экономикалық әлеуеттері мен қабілеттерін таныстыру Иран ислам республикасының Қазақстандағы арнайы көрмесінің келесі бағдарламаларының қатарына жатады.