Қазақстанда Фирдаусидің кітабы орыс тілінде жарық көрді
(last modified Sun, 09 Oct 2016 15:23:18 GMT )
Қаз 09, 2016 21:23 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Фирдаусидің кітабы орыс тілінде жарық көрді

Қазақстанда «Фирдауси және ұлттық эпостардың Иран мен Орталық Азияда өсуі» атты кітап орыс тілінде жарық көрді.

Тәжік тілінде сыртқа хабар тарататын радионың хабарлауынша, бұл кітап парсы тілі мен әдебиеті академиясының тәжікстандық мүшесі Сафар Абдолланың еңбегі болып табылады. Кітап ирандық және орта азиялық ұстаздар мен ғалымдардың баяндамаларынан құралған.

Осы топтаманың кейбір мақалаларын Сафар Абдолла парсы тілінен орыс тіліне аударған.

Кітап Иранның мәдени орталығының көмегімен «Олжас» кітапханасы баспасының ынтымақтастығымен, сондай- ақ аударманы ұйымдастыру және исламдық таным мен гуманитарлық ғылымдарды тарату орталығының демеушілігімен 520 беттік көлемде Алматыда орыс тілінде жарық көрді.