Қазақстан 48 елмен арада визаны алып тастауға шешім қабылдады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i15988-Қазақстан_48_елмен_арада_визаны_алып_тастауға_шешім_қабылдады
Қазақстан Ынтымақтастық және Экономикалық даму ұйымына мүше елдер және басқа 14 елмен визасыз режим орнататын болады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 12, 2016 22:24 Asia/Almaty
  • Қазақстан 48 елмен арада визаны алып тастауға шешім қабылдады

Қазақстан Ынтымақтастық және Экономикалық даму ұйымына мүше елдер және басқа 14 елмен визасыз режим орнататын болады.

Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір тарапты негізде Ынтымақтастық және Экономикалық даму ұйымына мүше елдер және саяси-экономикалық тұрғыдан қауіпсіз әрі дамыған ел саналатын басқа 14 елмен визасыз режим орнататын болады.

Қазіргі таңда экономикалық тұрғыдан дамыған саналатын 20 елдің, атап айтқанда Аустралия, Венгрия, Италия, Монако, Бельгия, Испания, Нидерланды, Норвегия, Швеция, Малайзия, БАӘ, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Финляндия, Франция, Швейцария, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алады.