Дариға Назарбаева: Президенттің денсаулығы жақсарып келеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i16063-Дариға_Назарбаева_Президенттің_денсаулығы_жақсарып_келеді
Қазақстан президентінің үлкен қызы әкесінің денсаулығының жақсарғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 13, 2016 21:49 Asia/Almaty
  • Дариға Назарбаева: Президенттің денсаулығы жақсарып келеді

Қазақстан президентінің үлкен қызы әкесінің денсаулығының жақсарғанын хабарлады.

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева осы елдің Парламент депутаттарының отырысы аясында журналистердің әкесінің денсаулығы туралы сұрақтарына берген жауапта президенттің денсаулық жағдайының жақсарып келе жатқанын, әкесінің суық тиюге байланысты емделіп жатқанын, жалпы алғанда денсаулығының жақсы әрі ешқандай алаңдаушылықтың жоқ екендігін, дегенмен президенттің осы аптаның соңына дейін халықаралық ешбір отырысқа қатыспайтынын, Ереванда өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарты ұйымының отырысына елдің премьер-министрінің қатысатынын айтты. Дариға Назарбаева сөзінің жалғасында Қазақстан президентінің алдағы аптадан бастап жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді.  

Жуырда Қазақстанның ақпарат құралдары осы ел президентінің ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлаған болатын.

Осы хабар жарияланғаннан кейін Қазақстан президентінің ақпарат хатшысы Айдос Үкібаев Назарбаевтың Баку мен Ереванға сапармен бармайтынын хабарлады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазан айының 12-і күні Бакуге барып, ал бүгін, 13 күні Ереванда өтетін Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Шарт ұйымы саммитінің басшыларының отырысына қатысуы керек болған.