Лаңкестердің негізгі мақсаты - қоғамда үрей мен қорқыныш және секталық текетірес тудыру
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i16210-Лаңкестердің_негізгі_мақсаты_қоғамда_үрей_мен_қорқыныш_және_секталық_текетірес_тудыру
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасының лаңкестік және әсірешілдікпен күрес бөлімінің орынбасары лаңкестер мен экстремистердің негізгі мақсатын қоғамда үрей- қорқыныш пен секталық текетірес тудыру деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 16, 2016 22:34 Asia/Almaty
  • Лаңкестердің негізгі мақсаты - қоғамда үрей мен қорқыныш және секталық текетірес тудыру

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік басқармасының лаңкестік және әсірешілдікпен күрес бөлімінің орынбасары лаңкестер мен экстремистердің негізгі мақсатын қоғамда үрей- қорқыныш пен секталық текетірес тудыру деп атады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік басқармасының лаңкестік және әсірешілдікпен күрес бөлімінің орынбасары Мұхаммеджанов «Лаңкестік және әсірешілдікпен күресудегі ақпарат құралдарының рөлі» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде лаңкестер мен экстремистердің негізгі мақсатын осы елдің халқы арасында үрей- қорқыныш туғызу деп атады.

Мұхаммеджанов қазіргі кезде әлем елдерінің барлығының лаңкестік пен әсірешілдік мәселесіне тап болып отырғанына тоқталып: «Халықтың оңайлықпен ғаламтор мен әлеуметтік желілерге қол жеткізуі лаңкестердің осы тақырыпты асыра пайдалануына және халықтың арасында үрей мен қорқыныш тудыруына себеп болып отыр» деді.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайраткерінің айтуынша, қазір әрбір Қазақстан азаматы үшін лаңкестік пен әсірешілдік қаупін сезіну және осы жолда үкімет және қауіпсіздік күштерімен ынтымақтастық жасау міндет саналады.