Қазақстанның мектептерінде хиджабқа тыйым салынды
Қазақстанның үш бірдей министрлігі бір мезгілде осы елдің мектептері мен ғылыми мекемелерінде хиджабқа тыйым салынғанын жариялады.
Қазақстанның Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева дүйсенбі күні Астанада оқушылардың бұдан былай мектептер мен оқу орындарына мұсылманша киіммен кіре алмайтындықтарын мәлімдеді. Суханбердиева оқу ордаларына мұсылманша киіп киіп келуге тыйым салудың себебін мектептердегі бірыңғай киіммен байланыстырды.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен бір уақытта Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Әділет министрлігі де оқу орындарында діни киіммен келуге тыйым салынғанын хабарлады.
Қазақстанның Білім және ғылым министрінің орынбасары хиджабтың демократиялық және зайырлы елдерде бір адамның белгілі бір дінге қатыстылығын көрсететінін мәлімдеп, оқушының белгілі бір дінге қатыстылығын қуаттайтын киімдерге тыйым салудың және мектептерде бірыңғай киім киюдің қажеттілігін баса айтты.
Қазақстанда мұсылманша киімге тыйым салу тақырыбы осы елдің әртүрлі үкіметтік органдарының жұмыстарының күн тәртібіне қойылды. Қазақстанның саяси орталары Астананың дін істеріне қатысты қатаң саясаты қазақ жастарының экстремистік әдебиеттер мен тәкфірлік топтарға ыңғай білдіруінің артуына себеп болып отыр деп санайды.