Қазақстанның мектептерінде хиджабқа тыйым салу туралы заң шығарылды
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі осы елдің мектептерінде хиджабқа тыйым салынуын елдегі зайырлы жүйемен байланыстырып: «Қазақстанның барлық оқушылары мектептерде бірыңғай киім киюі тиіс»,-деп мәлімдеді.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің бұл шешімінен кейін осы елдің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Әділет министрлігі де мектептерде хиджабқа тыйым салды. Қазақстанның Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина да: «Мектептерде бірыңғай киім киюді Қазақстанда бостандықты бұзу деп санауға болмайды»,-деді.
Қазақстан қайраткерлері біраз уақыттан бері елде экстремизммен күресудің шараларын ойластырып келеді. Соның ішінде экстремистік топтардың үгіт-насихаттары мен белсенділіктерімен күресу үшін білім, мәдениет, қауіпсіздік және тәртіп сақтау салаларында көптеген алдын алу шараларын атқарғанын айтуға болады. Осыған орай Қазақстанның діни мазхабтар ісі жөніндегі комитеті тарапынан экстремизмге қарсы оқу курстары өткізілді.
Осы елдің имамдары үшін екі айлық оқу курстарын өткізу және жұма намазы имамдарының білім деңгейін арттыру мақсатындағы оқу орталықтарын қайта жандандыру, экстремизмге бет бұрумен әсерлі түрде күресу үшін салафиттік идеологиядағы және дәстүрлі емес басқа да ағымдармен күресу Астана үкіметі көздеген мақсаттардың қатарына жатады.
Бүгінде бақылаушылардың пайымдауынша, Қазақстанның ең ауқымды органы ретіндегі білім және тәрбие жүйесінде хиджабқа тыйым салу Астана үкіметінің діни экстремизммен мәдени және бағдарламалық күрес туралы бұрынғы саясаттарымен үйлеспейді, керісінше қоғамның кейбір бөліктерін жалған діни тәсілдерге бет бұруға итермелейтін болады.
Қазақстанның кейбір саяси орталары бұл елдегі хиджабқа тыйым салу заңына тоқталып, елдің мемлекеттік қайраткерлерінің арасында елге қажетті саяси-экономикалық және әлеуметтік реформаларды сипаттау және орындауда түсініспеушіліктің барын айтады.
Осы ортаның сенімінше, Қазақстанның білім және тәрбие жүйесінде хиджабқа тыйым салу әлеуметтік теңсіздік, бөгделік сезімнің күшеюі, жастардың оқшаулануы, халықтың төмен діни білімі мен хабардарлығындағы бос кеңістікті жасыра да, қоғамда топтық және әлеуметтік кемсітушілікті жоя да алмайды.
Қазақстанда хиджабқа тыйым салу қарсылықсыз қалмайтыны анық. Мемлекеттік органдарда хиджабқа тыйым салу қоғамдық түңілу, саяси жағдайға наразылық, қаржы және әкімшілік жүйедегі жемқорлықтан туындайтын әлеуметтік келеңсіздіктердің пайда болуын жылдамдататын факторға айналып, бұл елде бұрмаланған идеологиялар мен экстремистік ойлардың таралуына жағдай жасайды.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда хиджабқа тыйым салу экстремистік рухтың күшеюінің алдын алу үшін қоғамда діни сауаттылық деңгейін жоғарылату мақсатында әртүрлі діни орталықтар ашып, мәдени салада талпыныстар жасаумен қатар атқарылатын шара бола алмайды.