Қазақстанда вахаббиттік ағымға тыйым салынды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i16543-Қазақстанда_вахаббиттік_ағымға_тыйым_салынды
Қазақстан қайраткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл елде салафиттік және вахаббиттік ағымдарға тыйым салу жобасын қолдағанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 22, 2016 13:38 Asia/Almaty
  • Қазақстанда вахаббиттік ағымға тыйым салынды

Қазақстан қайраткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл елде салафиттік және вахаббиттік ағымдарға тыйым салу жобасын қолдағанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл елде салафиттік және вахаббиттік ағымдарға тыйым салу жобасын қолдағанын жариялады.

Назарбаев: «Соңғы айларда Қазақстанның әртүрлі аймақтарында орын алған лаңкестік шабуылдар салафиттік элементтер тарапынан жоспарланып, орындалған»,-деп мәлімдеді.

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, салафиттік және вахаббиттік ағымдар бұл елдің қауіпсіздігі үшін үлкен қатер болып саналады.

Орта Азияның кейбір елдері, соның ішінде Тәжікстан үш жыл бұрын осы екі ағымның белсендігіне тыйым салған жағдайда Қазақстан қайраткерлері енді бұл елде салафиттік және вахаббиттік ағымдарға тыйым салу туралы шешім  қабылдап отыр.