Тәжікстан президенті Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасымен кездесті
Тәжікстан президенті Имамали Рахмон Душанбе қаласындағы "Меллат" сарайында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Карим Масимовпен кездесті
Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, Тәжікстан президенті мен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы осы кездесуде лаңкестік, трансұлттық ұйымдастырылған қылмыстар, есірткі заттар контрабандасымен күресуді және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қуаттады.
Тәжікстан президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Рахмон мен Масимов осы кездесуде Тәжікстан мен Қазақстанның үкіметаралық және қауіпсіздік ұйымдарының арасындағы қарым-қатынастардың көкжиегі туралы пікір алмасты.
Масимов жуырда Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен премьер-министр мансабынан шеттетіліп, Қазақстынның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ретінде тағайындалды.
Масимов жақында Ақтөбе мен Алматы қалаларында лаңкестік оқиғалар орын алған жағдайда Қазақстынның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ретінде тағайындалды. Бұл әрекеттер салдарынан бірқатар полиция күштері мен бейбіт тұрғындар қаза болып, жараланды.