Қар 29, 2016 16:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иран мен «алтылық» тобының кезеңдік отырысын өткізуге дайын

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Иран мен «алтылық» тобының кезеңдік отырысының Қазақстанда өткізілетінін хабарлады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов дүйсенбі күні Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конференцияда: «Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына арналған 2017-шы жылдағы кезеңдік отырысты өткізу үшін ИИР және «алтылық» тобына мүше елдермен тиісті ынтымақтастық орнатып, келіссөздердің өткізілуіне сындарлы жағдай қалыптастырады. Бұл келіссөздер қатысатын елдердің арасындағы келісім мен бейбітшілікке себеп болуы үшін Қазақстан 2017-ші жылдың қыркүйек айында Иранның ядролық бағдарламасын қарастыратын кезеңдік келіссөздерді Астанада өткізуге дайындалады»,- деді.

 

 

 

Тегтер