Қазақстанның мұнай өндірісінің көлемі қысқарды
(last modified Sun, 08 Jan 2017 10:13:07 GMT )
Қаң 08, 2017 16:13 Asia/Almaty
  • Қазақстанның мұнай өндірісінің көлемі қысқарды

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының міндеттемесіне сәйкес ҚР үкіметі осы жылдың қаңтар айынан бастап елдегі мұнай өндіру көлемін қысқартты.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Энергетика министрлігінің мұнай өндірісін дамыту департаментінің директоры Қуандық Қалмурзин: «Мұнай өндіруші елдер ұйымының (ОПЕК) жариялаған өндіріс көлемін сақтауға қатысты міндеттемесіне сәйкес, еліміздің мұнай өндірісінің көлемі күніне жиырма мың баррельге дейін қысқартылды.

Қазақстан өз міндеттемесі негізінде күніне 1 680 000 баррель көлеміндегі орташа айлық өндірісті сақтап отыру үшін алты ай бойы күніне 20 000 баррельге кем мұнай өндіруі тиіс.

Мұнай өндірісі көлемінің азаюы еліміздегі үш мұнай кен орынында мұнай өндірісін қысқартуға себеп болды»,- деді.

2016 жылдың аяғында ОПЕК-ке мүше елдер 2017 жылдың қаңтар айынан бастап мұнай өндірісінің көлемін күніне 1 200 000 баррельге қысқарту туралы келісімге келген болатын.

Осылайша, ОПЕК-тің мұнай өндірісінің көлемі күніне 33 400 000 баррельден  32 500 000 баррельге азаяды деп күтілуде.