Қазақстандағы елшілер мен саяси және қоғам қайраткерлері аятолла Хашеми Рафсанджанидың қазасына көңіл айтты
Қазақстанның саяси және қоғам қайраткерлері, шетелдік елшілер мен жоғары дәрежелі дипломаттар аятолла Хашеми Рафсанджанидың қазасына көңіл айтты.
Қазақстанның Даму және инвестиция министрі осы елдің Министрлер кабинетінің атынан, Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қорғаныс министрінің орынбасары, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің бір тобы, осы елдегі шетелдік елшілер мен дипломаттар аятолла Хашеми Рафсанджанидың қазасына көңіл айтқан жолдау жіберіп, ИИР-ның Астанадағы елшілігіне келіп, еске алу кітапшасына лебіздерін жазып, көңіл айтты.
Аятолла Хашеми Рафсанджани жексенбі күні кешке Теһранда жүрек талмасынан қайтыс болды.
Сейсенбі күні халықтың жаппай қатысуымен аятолла Хашеми Рафсанджанидың жаназасы шығарылып, денесі ИИР-ның негізін қалаушы хазірет имам Хомейнидің (р.) кесенесінде жерленді.