Қазақстанның Сирия және басқа да халықаралық дағдарыстарды шешуге қатысты отырыстарды өткізудегі мақсатын сараптау
(last modified Tue, 24 Jan 2017 11:20:16 GMT )
Қаң 24, 2017 17:20 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Сирия және басқа да халықаралық дағдарыстарды шешуге қатысты отырыстарды өткізудегі мақсатын сараптау

Астана Сирия бейбітшілігі туралы Сирия үкіметі мен қарсыластары арасындағы екікүндік отырыс пен осы келіссөздерге арағайындық етіп отырған Ресей, Иран және Түркияның ортақ отырыстарын өткізуді өз мойнына алды. Астана бұдан бұрын да халықаралық ойыншылар арасындағы қайшылықтарды шешуге қатысты әртүрлі отырыстарды өткізген болатын.

Иранның ядролық мәселесіне қатысты Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия кіретін «алтылық» тобы және Еуродақ өкілінің қатысуымен өткен отырысты өткізу, Ресей мен Батыстың арасындағы Украина дағдарысын шешуге және түркиялық әскери ұшақ ресейлік әскери ұшақты құлатқаннан кейін Ресей мен Түркияның  арасындағы қайшылықтарды шешуге арағайындық ету Астананың талпыныстарының бір бөлігі саналады.

Расында Астананың халықаралық сахнадағы ойыншылардың қайшылықтарын шешу отырыстарын өткізудегі мақсаты не?

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары өзінің орнын анықтау жолдарын іздеп, экономикалық және саяси структураларын жандандыруды мақсат еткен Қазақстан 1992-ші жылы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құруды ұсынған соң аймақ пен әлемнің маңызды қайшылықтарын шешу отырыстарын өткізуді өз мойнына алады деп ойлаған адам аз болар.

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті құрудың мақсаты азиялық елдер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды тереңдету және Азия аймағында  қауіпсіздік орнату болды. Бірақ бұл ұйымды құруды ұсынған Қазақстан Президентінің  халықаралық қарым-қатынастардағы Қазақстанның рөлін арттыру сынды негізгі мақсаты орындалмады. Бірақ Астана үкіметі халықаралық мәселелерді шешу саласындағы белсенді ойыншы ретінде алға ілгерілеп, 2014-ші жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа жылдық жолдауында бұл елдің жаңа даму кезеңін бастағаны туралы жариялап, «Қазақстан-2050» стратегиясын Астана үкіметінің бағдарламасы ретінде бекітіп, 21-ші ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу перпективасын анықтады. Аталмыш стратегияда елдің экономикасын жандандыру, саяси, мәдени және қоғамдық тұрғыларын дамыту, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікті нығайту сынды мәселелер қуатталды.

Сыртқы саясатты заманауиландыру, экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту, аймақ қауіпсіздігін нығайту, әлемдік қауіпсіздік саласында ынтымақтастық жасау, сондай-ақ ұлттық қорғаныс пен әскери доктринасын күшейту Қазақстанның сыртқы саясат бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазақстан үкіметі осымақсатына жету үшін ұзақ мерзімді бағдарламалар топтамасын іске асыруды жоспарлады. Дипломатиялық салада бұл елдің аймақ пен халықаралық қайшылықтарды шешу отырыстарын өткізуді өз міндетіне алуына тоқталуға болады. Иран мен «алтылық» тобының келіссөздерінің Астанада өтуі маңызды оқиға болды. Бұл келіссөздерден кейін Қазақстан өзінің халықаралық престижін арттыру мақсатында Украина дағдарысын шешу үшін Ресей мен Батыстың арасында арағайындық жасауға талпыныс жасады. Түркия Ресейдің әскери ұшағын құлатқаннан кейін осы екі елдің қайшылықтарын шешуге арағайындық жасауы мен осы жолы Сирия дағдарысын шешу саласында сириялық топтар мен Ресей, Иран және Түркияның саяси делегацияларын қабылдауын Астананың дәл осы саладағы іс-әрекеттері ретінде бағалауға болады.

Халықаралық сахнадағы маңызды ойыншылардың әрқайсы өз рөлін арттыру және халықаралық жаңа жүйедегі өзінің лайықты орнына ие болуға талпыныс жасап отырған жағдайда Қазақстан Сирия дағдарысы сынды әртүрлі дағдарыстарды шешу мақсатын көздеген әртүрлі отырыстарды өткізуді өз міндетіне алып, аймақ ұйымдарымен сындарлы қарым-қатынас орнатуға және аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін орнатуға қатысуға талпыныс жасауда. Мұндай отырыстардың аясындағы мұрсаттарды пайдаланып, Астана аймақтық және трансаймақтық мемлекеттермен қарым-қатынасын нығайтып, анықталған стратегиясы бойынша сыртқы саясатының мақсаттарын алға ілгерілетуді көздейді.