Қазақстанда өтетін «Экспо-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» тақырыбына арналады
Қазақстанның «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Астанада өтетін «Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне 115 мемлекет пен 18 халықаралық ұйымның қатысуға әзірлігін мәлімдегенін хабарлады.
Фарс ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрмеде жаңартылатын энергия саласындағы көптеген жобалардың таныстырылатынын мәлімдеді.
«Болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «Экспо-2017» халықаралық көрмесі 2017 жылдың маусым айының онынан қыркүйек айының оныншы жұлдызы аралығында ҚР-ның елордасы Астана қаласында өтеді.
Бұл көрмеге Иранның өкілі ретінде ИИР-ның Халықаралық көрмелер акционерлік қоғамы қатысады.
Арнайы мамандандырылған дүниежүзілік Экспо көрмесінде ең соңғы ғылыми-техникалық жетістіктер, дамудың болашағы мен тарихы, әлем елдерінің дәстүрі мен мәдениеті таныстырылады.