Башар әл-Джафари: Астана отырысының нәтижелері туралы пікір айтуға әлі ерте
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24390-Башар_әл_Джафари_Астана_отырысының_нәтижелері_туралы_пікір_айтуға_әлі_ерте
Астана келіссөздеріндегі сириялық делегацияның жетекшісі: «Астана диалогының нәтижелері мен соған қатысты оң немесе теріс болжам айтуға әлі ерте»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 16, 2017 16:39 Asia/Almaty
  • Башар әл-Джафари: Астана отырысының нәтижелері туралы пікір айтуға әлі ерте

Астана келіссөздеріндегі сириялық делегацияның жетекшісі: «Астана диалогының нәтижелері мен соған қатысты оң немесе теріс болжам айтуға әлі ерте»,-деді.

Сирияның ресми агенттігінің (САНА) хабарлауы бойынша, Башар әл-Джафари сәрсенбі күні кешке Қазақстанның елордасы Астанада тілшілерге берген сұхбатында Астана отырысының нәтижелері туралы пікір білдіретін кез келмегенін айтып: «Ең қызығы Түркия делегациясы мен қарулы наразылардың кешігуі болып отыр. Олар әлі келмеді.

Иран және Ресей делегацияларымен екіжақты отырыстарда Астана отрысын өткізудің алғышарттарын талқыладық. Осы кездесулерде сириялық делегация Иран мен Ресей делегацияларына бейсенбі күнгі отырыстарды жақсырақ өткізуге қатысты өзінің мәліметтері мен көзқарастарын айтты. Екіжақты отырыстарда сириялық делегация Астана отырысының Сирия халқының қанын төгуді тоқтатып, бүкіл елге қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайтаратындай сәтті өту қажеттігін баса айтты»,-деп мәлімдеді.