Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінде Сирияға қарсы қарарға дауыс беруден бас тартты
Нау 02, 2017 01:31 Asia/Almaty
Қазақстан БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесінде Сирия үкіметіне қарсы санкция салу қарарына дауыс беруден бас тартты.
Ресей мен Қытай өздерінің вето дауысын қолдану арқылы Батыс елдерінің Сирияға қарсы көбірек санкция салуының алдын алған жағдайда Қазақстан Сирияға қарсы қарарға дауыс беруден бас тартты. Ресей, Қытай және Қазақстанмен қоса, Боливия, Мысыр, Эфиопия елдері Сирия үкіметіне қарсы санкция салу қарарына дауыс беруден бас тартты. Батыс үкіметтері Сириядағы 6 жылдық соғыста химиялық қарулардың қолданылуы жөнінде талқыланған дау- дамайлар негізінде осы елдің үкіметіне қарсы санкциялар салуға тырысты.
Тегтер