Қазақстанда төменгі пайызбен байытылған уран банкі тамыз айынан бастап жұмысқа кіріседі
(last modified Wed, 01 Mar 2017 20:11:24 GMT )
Нау 02, 2017 02:11 Asia/Almaty
  • Қазақстанда төменгі пайызбен байытылған уран банкі тамыз айынан бастап жұмысқа кіріседі

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары осы елде төмен пайызбен байытылған уран банкінің биылғы жылғы 29- шы тамыздан бастап қызметіне кірісетінін хабарлады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко: «Төмен пайызбен байытылған уран банкінің ресми түрде ашылу рәсімі биыл 29-шы тамызда елде өтеді» деді.

Василенко осы негізде 2015 жылдың тамыз айының 24 күні Астанада Қазақстан үкіметі мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі БҰҰ- ның қадағалауымен төмен пайызбен байытылған уран отын банкін құруға келісті. Қазақстан үкіметі осы келісімшартты өткен жылы бекітті. Қазіргі кезде осы банктің құрылысы жалғасуда.

29-шы тамыз 1949- шы жылы бұрынғы Кеңес Одағы тарапынан "Семейпалатинск" әскери базасында тұңғыш ядролық қарулардың сынағы өткен күн болып табылады. Сондай- ақ 1991 жылы сол күні Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен осы база жабылды» деді.

Бұл Қазақстанда салынатын әлемдегі төмен пайызбен байытылған алғашқы уран банкі болып табылады.