Қазақстанда Наурыз мерекесі сенім мен достықтың және теңдіктің белгісі
Қазақстан Президенті халықты Наурыз мейрамымен құттықтап, оны халқының арасындағы теңдік пен достықтың белгісі деп атады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елінің халқын Наурыз мерекесімен құттықтап сөйлеген сөзінде: «Уақыттың өтуімен Наурыз мерекесі Қазақстан үшін сенім мен достықтың және теңдік пен тұрақтылықтың белгісіне айналды. Қазақстан биыл саяси және экономикалық салалардағы үшінші жаңғырту бағдарламасын бастайды. Ата Заңға елдің дамуына көмектесетін маңызды өзгерістер енгізу жалғасады. Қазақстан халқы бір мақсатқа ие. Ол мақсат – елдің барлық аймақтарында тұрмысты жақсартып, тыныштық орнату. Халық өзінің жігерімен бұл маңызды мақсатына жетеді»,- деді.