Қазақстанда дін және идеология істері жөніндегі полиция құрылады
Астана үкіметінің жолдан адасқан діни секталар, әсіресе ваххабистік секта және оның әскери күштерімен, яғни ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресу мақсатындағы жобаларының сәтсіздікке ұшырауының жалғасында Қазақстан үкіметі дін және идеология істері жөніндегі полиция құруды ұйғарды.
РИА Новости ақпарат агенттігінің кеше дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ҚР Қорғаныс министрі Сакен Жасұзақов Мәжіліс депутаттарының отырысында дін және идеология істері жөніндегі полиция қызметкерлерін оқыту, олардың әрекет етуіне негізделген жаңа жобаның жүзеге асырылуы туралы хабарлап: "Полиция күштерінің осы салада қажетті ақпаратқа ие болуы экстремистік сенімдердің таралуының алдын алады",- деді.
Идеология істері бойынша арнайы полицияның құрылуы Астана үкіметінің діни экстремизммен күрес саласындағы сәтсіздігін дәлелдейтіні күмәнсіз. Мұның алдында Астана басшылары бірнеше рет діни экстремистер, әсіресе ваххабистік секта мен оның әскери күштері, яғни ДАИШ лаңкестік тобының әрекеттеріне байланысты алаңдаушылық білдірген болатын. Бұл Астана үкіметі лауазымды тұлғаларының тек алаңдаушылық білдіру арқылы Парсы шығанағы жағалауындағы кейбір реакцияшыл араб елдерінің ұзақ мерзімді саяси және әскери мақсаттарымен және қаржылай көмек көрсетуі арқылы әлем елдерінде әрекет етіп отырған әсірешіл экстремистік әрекеттердің алдын ала алмайтындықтарын сәл кеш түсінген жағдайда орын алып отыр. Қазақстандағы әсірешіл экстремисттік әрекеттердің кең етек жаюы мен олардың халықаралық деңгейде әрекет етуінің кеңеюінің жалғасында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың қараша айында лаңкестік және діни экстремизммен күрес туралы заңға қол қойған болатын. ҚР президенті бұл заңға қол қоюдағы мақсатты лаңкестік және экстремизммен күресудегі критерийлерді нығайту деп атады.