Орта Азияның қауіпсіздігі Ауғанстанның тұрақтылығына байланысты
Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасының төрағасы Орта Азия мен Ауғанстандағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың өзара ықпалы мен рөлін қуаттады.
«Фарс» ақпарат агентігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламенті Мәжіліс палатасының төрағасы Нұрлан Нығматуллин: "Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымында Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланғаннан кейін Орта Азия осындай маңызды ұйымның тарихында алғаш рет халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын аймақ ретінде таныстырылды",-деді.
Нығматуллин сөзінің жалғасында Ауғанстанның аймақ елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратындығына тоқталып: «Аймақтағы барлық елдер Кабул үкіметіндегі мәселелер шешілмей және осы ел үшін Орта Азияда коалиция құрмай, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің орнамайтынын біледі.
Аймақтағы барлық елдер Ауғанстанға экономикалық және әлеуметтік көмек беріп, осы елдегі тыныштық пен бейбітшілікке қарсы қоқан‑лоққылармен күресіп, елге тыныштық пен бейбітшілікті қайтару үшін жұмыла әрекет етуі керек", -деді.