Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді
(last modified Thu, 08 Jun 2017 00:32:36 GMT )
Маусым 08, 2017 06:32 Asia/Almaty
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді

Қазақстан Сыртқы істер министрі: "Елімізде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдерің саммитінде "Астана" декларациясы, лаңкестікпен күрес туралы конвенция мен Үндістан және Пәкістан елдерін мүшелікке қабылдауға қатысты құжаттарға қол қойылатын болады" деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары саммитінің жұмыс жоспары туралы баяндамасында: "Бұл отырыста "Астана" декларациясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының лаңкестікпен күрес туралы конвенциясына қол қойылатын болады. Қазақстанның ұйымдастыруымен ағымдағы айдың сегізі және тоғызы күндері Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысында Үндістан мен Пәкістан бұл ұйымның толық мүшелігіне қабылданады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының адам күші мен экономикалық әлеуетіне байланысты Пәкістан мен Үндістан мүше ретінде қабылданғаннан кейін аталмыш ұйымның аймақтағы ең үлкен әрі ауқымды ұйымдардың бірі ретіндегі маңызы артатын болады" деді.