Өткен он жылда Қазақстанда 100 лаңкестік шабуылға тосқауыл қойылды
(last modified Thu, 13 Jul 2017 13:31:13 GMT )
Шіл 13, 2017 19:31 Asia/Almaty
  • Өткен он жылда Қазақстанда 100 лаңкестік шабуылға тосқауыл қойылды

Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы өткен 10 жылда қазақстандық қауіпсіздік күштерінің талпынысымен осы елде 100 лаңкестік әрекетке тоқсауыл қойылғанын айтты.

«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің басшысы Карим Масимов қауіпсіздік органының құрылуының 25 жылдығына орай «Отанның сенімді қалқаны» атты есеп жариялап: «Ел тәуелсіздігінің 25 жылында Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, бөгде мемлекеттердің тыңшылық ұйымдарының Қазақстанның мемлекеттік органдары мен құпия мәліметтеріне қолжетімділікті көздеген бүлдіргі әрекеттеріне тосқауыл қойды. Сонымен қатар осы уақытта халықаралық лаңкестік ұйымдардың өз ықпалын Қазақстанда тарату мақсаттары залалсыздандырылып, «Орталық Азия моджаһедтері» жамағаты мен «Джунд ал-Халифат», «Хизб ут-Тахрир» ұйымдарының құрылымдарын жою үшін бірегей амалдар жүзеге асырылды» деді.

Мұнымен қатар, серіктес елдердің арнайы органдарымен бірлесіп, Астана ондаған лаңкес пен экстремисті құрықтап, оларды өздерінің елдеріне экстрадициялады.