Там 26, 2017 14:38 Asia/Almaty
  • Қазақстанның банктік есепшоттарына вирустық шабуыл жасалды

Ақпарат көздері Қазақстанның банктік есепшоттарына жасалған қауіпті вирустық шабуыл туралы хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Талдау және киберлік қылмыс бөлімінің басшысы: "Facebook әлеуметтік желісі арқылы таралып жатқан жаңа вирус банктік есепшоттарға шабуыл жасап, қазақстандық азаматтарды қаржылай шығынға ұшыратты. Бұл зиянды вирус ғаламтор арқылы жоғары жылдамдықпен көбеюде",- деп мәлімдеді.

Қазақстанның Талдау және киберлік қылмыс бөлімі басшысының айтуынша, бұл вирустан құтылудың жалғыз жолы компьютерлердің операциялық жүйесін уақытында жаңартып тұру болып табылады. Себебі, бұл вирус операциялық жүйенің бағдарламасын жаңарту туралы хабарландыру арқылы компьютердің жадысын ластап, есепшоттағы ақшаны жоқ қылады.

 

Тегтер