Астана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде реформа жасалуды қолдайды
(last modified Sun, 27 Aug 2017 09:07:58 GMT )
Там 27, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Астана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде реформа жасалуды қолдайды

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов: «Астана БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұмысының ашықтығын және қабылдаған шешімдерінің әсерлілігін арттыру мақсатында осы кеңесте реформаның жасалуын қолдайды.

Мұндай қадам БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұмысының ашықтығын және қабылдаған шешімдерінің әсерлілігін арттыруды әлемнің әртүрлі аймақтарының мүдделерін назарға ала отырып орындай алады.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдердің көбі сияқты Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі формасы заманауи шындықтарға жауап бермейді деп санайды.

Бұл реформа БҰҰ-ға мүше елдердің келісімі негізінде және  барлығының мүдделеріне сай атқарылуы тиіс.

Қазақстан БҰҰ-ның тиімділігі мен әсерлілігін арттыру үшін әрдайым өзгеріс жасауды көздейтін осы ұйымның Бас хатшысы Антониу Гуттеришті қолдайды»,-деді. 

Қазіргі таңда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі.