Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді
(last modified Tue, 07 Nov 2017 14:39:16 GMT )
Қар 07, 2017 20:39 Asia/Almaty
  • Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы алдағы жылдың басында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің кезеңдік төрағалығының Қазақстанға жүктелетінін мәлімдеді.

Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі әрі аталмыш ұйымның Орталық Азиядағы превентивті дипломатия істері бойынша аймақтық орталығының басшысы Наталья Германмен кездесуінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі міндеттердің айлық ротациясына тоқталып, алдағы жылдың қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі төрағалығының Қазақстанның міндетіне жүктелетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің жалғасында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы шеңберінде Ауғанстанның мәселелерін шешу бағытында жоғары деңгейде келіссөздер өткізудің жоспарланғанын мәлімдеді.

Тоқаев сонымен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Орталық Азияда тұрақтылық пен экономикалық әрекеттестіктерді дамытудың Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезеңіндегі жұмыстарының басты бағдары болатынын айтты.