Қазақстанның Қытайға газ экспорты артады
(last modified Wed, 27 Dec 2017 16:04:52 GMT )
Жел 27, 2017 22:04 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Қытайға газ экспорты артады

Қазақстанның Энергетика министрінің орынбасары Қазақстанның Қытайға газ экпортын арттыруға шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Астанада өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның Қытайға газ экспортын жылына 10 миллиард текше метрге арттыратынын мәлімдеп: «Түркіменстаннан басталып, Өзбекстан және Қазақстан жері арқылы Қытайға өтетін транзиттік газ құбыр жолы іске қосылып, келешекте ол 55 миллиард текше метр газды Қытайға тасымалдау мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі таңда аталмыш көлемнің 10 миллиард текше метрі Өзбекстанға, 5 миллиард текше метрі Қазақстанға тиесілі» деді. Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің орынбасары сөзінің келесі бөлігінде Түркіменстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістан елдеріне Қазақстан газын экспорттау бағдарламаларына да тоқталды.