Қазақстан Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті
(last modified Tue, 23 Jan 2018 08:26:10 GMT )
Қаң 23, 2018 14:26 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын арттыруды қуаттады.

Қазақстаның ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, екі елдің Президенттері Қазақстан-Ресей ынтымақтастықтарының қазіргі және келешектегі жағдайлары мен Еуразия одағындағы ортақ мәселелер мен аймақ пен халықаралық мәселелерді талқылауымен бірге Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі кезеңдік басшылығы туралы пікрі алмасты.

Қазақстан 2018-ші жылдың бірінші күнінен бастап, бір айға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің басшылығын өз міндетіне алды.

Телефон арқылы сұхбатта Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әрптесін қаңтардың 16-18 аралығындағы АҚШ-қа жасаған сапарының нәтижелерімен таныстырды.

Қазақстан Президентінің АҚШ-қа жасаған ресми сапарында екі елдің арасында жолаушы тасымалдайтын бірнеше ұшақ пен ондаған локомотив сатып алу туралы құны бес жарым  миллиард долларлық келісімге қол қойылды.